“Баланың ерте дамуындағы ата-ананың рөлі” тақырыбында ашық ақпараттық кеңес

Кеңес беру пункті

Балабақшамызда «Баланың ерте дамуындағы ата-ананың рөлі» тақырыбында ашық ақпараттық-танымдық кеңес өтті.
Кеңестің негізгі мақсаты – ата-аналарға баланың ерте жастағы даму кезеңдерінің ерекшеліктерін түсіндіру, отбасындағы тәрбиенің бала тұлғасының қалыптасуына тигізетін ықпалын арттыру және балабақша мен ата-ана арасындағы серіктестікті нығайту.
Іс-шара барысында баланың танымдық, тілдік, эмоциялық және әлеуметтік дамуы, ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы, қолдау көрсету тәсілдері, күнделікті өмірде дұрыс орта қалыптастыру жолдары жан-жақты қамтылды. Сонымен қатар қатысушыларға практикалық кеңестер беріліп, балаға уақыт бөлу, бірге ойын ойнау, қарым-қатынасты дұрыс құрудың маңыздылығы айтылды. Пікір алмасу ұйымдастырылып, ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісті. Ашық кеңес ата-аналарға пайдалы ақпарат беріп, бала тәрбиесіне деген жауапкершілікті арттыра түсті.
Балабақша меңгерушісі А.К. Каирхановна ақпараттық кеңестің ұйымдастырылуын қадағалап, ата-аналардың белсенді қатысуына қолдау көрсетті.

“Баланың ерте дамуындағы ата-ананың рөлі” тақырыбында ашық ақпараттық кеңес

№ 31 "Күншуақ" балабақшасы КММ