
Кеңес беру пунктінің жұмысы 📌ЛОГОПЕД КЕҢЕСІ
🌼Тақырыбы:
Тіл бұлшықеттерін дамыту Баланың сөйлеу тілі анық шығуы үшін тіл мен ерін бұлшықеттері жақсы дамуы керек.
- Күн сайын тілді көтеру, созу, айналдыру жаттығуларын жасатыңыз;
- Үрлеу ойындарын ұйымдастырыңыз (шам, сабынды көпіршік, қауырсын үрлеу);
- Дәмді тағамдарды мұқият шайнауға, суды ауызда шайқауға үйретіңіз;
- Сурет, айна арқылы дыбыстарды айтуға жаттықтырыңыз;
- «Тіл жаттығулары» кезінде баланы мақтап, қызықтыруды ұмытпаңыз.
