Балабақшада «Баламен ойын арқылы қарым-қатынас жасаудың әдістері» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің балалармен тиімді қарым-қатынас орнатуда ойын технологияларын қолдану құзыреттілігін арттыру.
Шеберлік сағатын тәрбиеші Рамазан Аңсаған Қуанышқалиқызы математика бағыты бойынша өткізді. Сабақ барысында балалардың логикалық ойлауын, кеңістікте бағдарлауын және зейінін дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды.
Практикалық бөлімде:
- «Хрестик-нолик» ойыны арқылы санау, салыстыру және ойлау дағдыларын дамыту;
- түтікшілер арқылы геометриялық пішіндердің 3D макетін құрастыру;
- «Кеңестікті бақыла» ойыны
- Екі қолды қатар жұмыс істетуге арналған нейрожаттығулар ұйымдастырылды.
Қатысушылар ұсынылған ойын технологияларын тәжірибе жүзінде орындап, балалармен жұмыс барысында қолданудың тиімді жолдарымен танысты. Шеберлік сағаты мазмұнды өтіп, педагогтердің кәсіби тәжірибесін арттыруға оң әсерін тигізді.
Шеберлік сағаты барысында қатысушыларға баламен қарым-қатынас жасауда ойынның маңызы, коммуникативтік қабілеттерді дамыту жолдары, баланың эмоционалдық жай-күйін түсіну тәсілдері түсіндірілді. Теориялық және практикалық бөлімдерде ойын арқылы тіл дамыту, ұжымдық әрекетке баулу, шығармашылық белсенділікті арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер көрсетілді.
Практикалық жұмыстар барысында педагогтер рөлдік және сергіту ойындарына қатысып, балалармен өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың тиімді жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді. Сонымен қатар, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, кәсіби тәжірибе бөлісу жүзеге асырылды.
Аталған шеберлік сағаты педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және білім беру үдерісінде ойын технологияларын жүйелі қолдануға ықпал етті.
Баламен ойын арқылы қарым-қатынас жасаудың әдістері бойынша шеберлік сағаты








