«Ә.Мароғұлан атындағы №71 ЖББОМ» КММ –де №31 “Күншуақ” балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Педагогикалық сабақтастық» жоспар аясында кездесу «Шаттық», «Гүлдер» тобындағы балалардың мектепке дайындығы жөнінде тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибелік семинары өтті.
Мақсаты – баланың мектепке қадам басуына дайындықты бірлесе пысықтап, үздіксіз білім мен тәрбиенің байланысын нығайту.
-Сабақтастық – баланың дамуындағы маңызды баспалдақ.
-Мектеп пен балабақша арасындағы өзара әрекет – оқушының болашағына салынған берік іргетас.
- Кездесу барысында ортақ жұмыстар талқыланып, нақты ұсыныстар мен жоспарлар қабылданды.
Балабақша мен мектеп арасындағы педагогикалық сабақтастықты қамтамасыз ету арқылы балалардың мектепке психологиялық тұрғыдан дайындық деңгейін арттыру мақсатында өткен іс-шараға мектепалды топ тәрбиешілері.
№31 “Күншуақ” балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері арасында кездесу өтіп, сабақтастық бойынша жұмыс жоспарық құрылып ,жоспармен танысып, жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыс жай ғана жүріп жатқан жоқ, бірақ ол жоғары нәтиже береді, бұл оның қажеттілігін көрсетеді.
Бастауыш мектеп мектепке дейінгі білім беруден басталады. Қазіргі уақытта білім беру сатылары арасындағы сабақтастықтың жалпы принциптерін анықтау мәселесі ерекше өзектілікке ие болды. Бұл мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің көп вариантты білім беру кеңістігіне байланысты. Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру сатылары арасындағы сабақтастық тек балаларды мектепте оқуға дайындау ретінде түсінілмеуі керек. Балалардың мектепке ауысуын жақысы көзқарас қалыптастырып, мұғалімдер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеудің формалары мен әдістерімен мұқият танысып,
Бала – бәрімізге ортақ! Оның жарқын болашағы үшін бірлесіп жұмыс істеу – басты міндетіміз!
Осы бағдарлмаға сай барлық құрылған іс-шара құрылып №31“Күншуақ” балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері арасында тәжірбие алмасты.
Жиын барысында тәрбие мен білім берудегі сабақтастық жолдары, ортақ жоспарлау, әдістемелік қолдау мәселелері талқыланды.
Бала – ортақ назарда, ортақ жауапкершілікте. Бірлескен жұмыс арқылы ғана саналы ұрпақ тәрбиелей аламыз!
Қорытындылай келе, балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық – сапалы білім берудің маңызды шарты. Ол баланың жан-жақты дамуына және болашақта табысты білім алуына негіз болады. Мектеп мұғалімдері балабақшада қалыптасқан білім мен тәрбиені негізге ала отырып, оқу бағдарламасын ұйымдастырады. Осылайша, сабақтастық баланың білім алу жолында қиындықсыз бейімделуіне, өзіне деген сенімінің артуына және оқу үлгерімінің жақсаруына ықпал етеді.















