әдістемелік кеңес
Балабақшада «Балаға мейірімді орта қалыптастыру жолдары» тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңестің мақсаты – білім беру ұйымында балаға қолайлы, қауіпсіз және психологиялық жағымды орта қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Кеңес барысында арнайы топ тәрбиешісі Сайлаубаева Гауһар Еркінқызы бала тұлғасын құрметтеу, оның эмоциялық жағдайын ескеру, сенімді қарым-қатынас орнату, әр баланың жеке ерекшеліктеріне сай қолдау көрсету мәселелері бойынша ой қозғады. Сонымен қатар, педагогтердің балаға бағытталған тәсілдерді қолдануы, ынталандыру, жағымды кері байланыс беру, баланың еркін дамуына жағдай жасау жолдары талқыланды.
Қатысушылар бала психологиясының ерекшеліктері, эмоционалдық қолдау көрсету, сенімді қарым-қатынас орнату, жағымды ахуал құру жолдары бойынша маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар түрлі практикалық тапсырмалар мен пікір алмасу ұйымдастырылды.
Арнайы топ тәрбиешісі Сайлаубаева Гауһар Еркінқызы практикалық жаттығулар, тренинг элементтері, жағдаяттық тапсырмалар арқылы мейірімді орта құрудың тиімді тәсілдерін көрсетті. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, күнделікті жұмыста қолдануға болатын әдістер қоржынын толықтырды.
Практикалық бөлімде педагогтер арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, балаға мейірімді ортаны қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер ұсынылды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға болатын тиімді ұсыныстарын ортаға салды.
Кеңес қорытындысы бойынша білім беру ұйымында балаға мейірімді орта қалыптастыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.


