Консультацияның мақсаты:
Балалардың аяқ тірегінің дұрыс қалыптасуына ықпал ету, жалпақ табандылықтың (плоскостопие) алдын алу жолдарын көрсету және ата-аналарға тиімді жаттығулар жөнінде кеңес беру.
Кеңес мазмұны
Жұма күні «Балдаурен» тобының тәрбиеленушісі мен ата-анасына жалпақ табандылықтың алдын алу жаттығулары көрсетіліп, баланың физиологиялық дамуына қажетті ұсыныстар берілді.
Баланың аяқ құрылымы 5–6 жасқа дейін белсенді қалыптасатындықтан, табанның дұрыс дамуына ерекше көңіл бөлу керек екені түсіндірілді.
Ұсынылған жаттығулар
Ата-аналарға келесі профилактикалық жаттығулар көрсетілді:
- Аяқ ұшымен жүру
– Табан бұлшықеттерін нығайтады.
– Күніне 1–2 минут жеткілікті. - Өкшемен жүру
– Табан доғасының дұрыс қалыптасуына көмектеседі. - Сыртқы қырымен жүру
– Аяқтың бүйір бұлшықеттерін шынықтырады. - Ұсақ заттарды аяқпен жинау
(қалампыр, сүрткіш, шарик, қыстырғыш)
– Табанның ұсақ моторикасын жақсартады. - «Жолақпен жүру» жаттығуы
– Тік тұру, теңгерімді сақтау дағдысын дамытады. - Тау жолағында жүру немесе массаж кілемшесі
– Табан доғасына жақсы стимуляция береді.
Ата-аналарға ұсыныстар
• Баланың аяқ киімі табиғи материалдан, табаны иілгіш болуы тиіс.
• Өте жұмсақ немесе керісінше қатты аяқ киім қолданбау.
• Үйде балаға жиі жалаңаяқ жүруге мүмкіндік жасау (килемше, массаж
жолдары үстімен).
• Баланың дене салмағын бақылау — артық салмақ табанға қосымша жүктеме
береді.
• Егер аяқта тез шаршау, ауырсыну байқалса — ортопед маманына жүгіну.
Қорытынды
Консультация барысында ата-аналарға жалпақ табандылықтың алдын алу әдістері, үй жағдайында жасалатын тиімді жаттығулар көрсетілді.
Ата-аналар ұсыныстарды қолданып, баланың аяқ саулығына ұқыпты қарауға шақырылды.
Балапандарымыздың қадамдары нық, жүрістері жеңіл болсын!
Балапандарға ем болсын!






